Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жас Сәтбаевшылар» 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен І қалалық олимпиада
29-04-2024 13:26
«Жас Сәтбаевшылар» 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен  І қалалық олимпиада

     "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығы "География үйі" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұлы ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Жас Сәтбаевшылар»7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен І қалалық олимпиада өткізді.

       Олимпиаданың мақсаты-географиялық білім деңгейін арттыру оқушылардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетін дамытуға баса назар аудара отырып, табиғи және қоғамдық географиямен айналысатын неғұрлым дайын және талантты оқушыларды іздеу және қолдау.

        2024 жылдың 17 сәуірінде өткен бірінші іріктеу кезеңіне Павлодар қаласының 31 мектебінен 7-8 сыныптың 69 оқушысы қатысты. Олимпиаданың ережесіне сәйкес ең жоғары ұпай  жинаған  оқушы олимпиаданың қорытынды практикалық турына қатысу құқығына ие болды.

         27 сәуірде  қорытынды кезеңге қаланың 17 мектебінен 23 оқушы қатысты.

          Олимпиада  да қатысушыларға «Заманауи картографиядағы ГАЖ технологиясы» тақырыбы бойынша ақпараттық дәріс және практикалық тапсырмалар ұсынылды.

           Екі турдың қорытындысы бойынша үздік  жас географтар – «Жас Сәтбаевшылар» анықталды. Олимпиада жеңімпазы және І дәрежелі диплом иегері А. Байтұрсынов атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Байғожаев Әділхан және М. Жүсіп атындағымектептің 8 сынып оқушысы Ибраева Томирис. ІІ дәрежелі дипломмен 4 оқушы марапатталды: Ш.Шөкін атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Колесников Лев,  №39 мектептің 8 сынып оқушысы Бастенова Айдана, №11 мектептің 8 сынып оқушысы Лухманов Кирилл, М.Әлімбаев атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Панько Полина. ІІІ дәрежелі дипломмен 8 оқушы марапатталды: Б.Момышұлы атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Юлтанов Азим, №25 мектептің 7 сынып оқушысы Танаш Айша, А.Шәмкенов атындағы мектеп-лецейінің 8 сынып оқушысы  Кабаев Рамазан, А.Байтұрсынұлы атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Сатабаев Асанали, №7 мектептің 8 сынып оқушысы Танат Санжар, Жетікші мектептің 8 сынып оқушысы  Тәңірберген Ерасыл, №11 мектептің 7 сынып оқушысы Смирнов Илья, № 17 мектептің 7 сынып оқушысы Кусниденова Сабина.

        Құрмет грамотасымен 12 оқушы марапатталды: №17, 33, 43, 2, 25, Жетекші, Қ.Бекқожин атындағы, Ә.Бөкейхан атындағы, М.Жүсіп атындағы мектептер.

        Қорытынды  кезеңнің барлық қатысушылары географтардың жазғы мектебіне қабылданады.