Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
КГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 14 ГОРОДА ПАВЛОДАР»
07-10-2022 10:58
КГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 14 ГОРОДА ПАВЛОДАР»

Нұрсұлу Қайруллинқызы Мұнсызова

 

бастауыш сынып мұғалімі

 

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту

 

Развитие творческих способностей учащихся начальных классов

 

     Қазіргі  кездегі  білім  берудің  көкейтесті  міндеті  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  қалыптастыру  болып  табылады. Қазақстан  Республикасында  орта  білімді  дамыту Тұжырымдамасында  білім  беру мекемелерінің  ең  негізгі  мақсаты - дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық  деп  атап  көрсетіледі. Қоғамда "орындаушы"  адамнан  гөрі  "шығармашыл"  адамға  деген сұраныстың  көп  екендігін  қазіргі  өмір  талабы  дәлелдеп  отыр.

Оқушы шығармашылығының ғылыми-педагогикалық проблема ретіндегі өзекті мәселенің бірі – оның қалыптасуының кезеңдері. Өйткені оқыту барысында оқушының шығармашылық үрдістің неше кезеңдерден тұратындығын білуді талап етеді.

Ғалымдар шығармашылық үрдісті төрт кезеңге бөледі:

1.  Жаңалықпен бетпе-бет келу.

2.  Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық.

3.  Шешімнің жарқ етуі.

4.  Шығармашылық акт.

5.  Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу

Міне, өз білімін осылайша толықтырып отыратын мұғалім оқушысын  еш уақытта жалықтырмайды деп есептеймін. Әр сабаққа құрылған тапсырманың міндеті деңгейі өтілген жаңа сабақты бекітуге және өткен сабақтарды пысықтауға арнап құрылады, бұл деңгейді сынып оқушылары толық орындайды, яғни үлгірмеуші жоқ екенін осыдан анықтауға болады. Келесі деңгейдегі тапсырмалар алдыңғыдан күрделі және түрлендірілген болады. Осы тапсырмаларды өз бетімен орындау- шығармашылық жұмыс  бастамасы. Келесі 4-деңгейді орындайтын оқушылар бірте-бірте дараланып шыға бастайды. Басқа оқушылар да осы балаларға еліктеп, сабақтан тыс уақыттарда да жұмыс істеуге өз беттерімен отырады. Ал 4 деңгей тапсырмаларын үнемі жеке топтамалар арқылы беріп отырамын. Егер қабілетті оқушы өз  жұмысын уақытынан ерте аяқтайтын дәрежеге жетсе, басқа оқушылардың  жұмысын тексеруге рұқсат беремін, бұл бастауыш сынып оқушысының    өзінедеген сенімділігін, мұғалімнің сенімінен шығу үшін аянбай еңбектенетін көрсетеді.

Сауат ашу және қазақ тілі пәндеріі бойынша көбінесе мәтінмен жұмыс жүргізуді деңгейлік   тапсырма арқылы беремін. Бұл жұмыс нәтижесі ауызша тексеріледі. Әр бала орнында дайындалып отырады. Оның 1-деңгейінде мәтінді   мәнерлеп, түсініп оқып отыру тапсырылады. 2-деңгейінде осы мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме беру, немесе табиғатты суреттеп, тұсын тауып оқу, 3-деңгейде осы мәтінге деген көзқарасы, оны өз ойымен аяқтау, мәтінге баға  беру деген сияқты жұмыстар орындалады. Егер өлеңмен таныссақ,осы өлең  ұйқасына салып өлең құрау сияқты шығармашылық  жұмыстар тапсырамын.

Баланың қабілеті  мен шығармашлығын  дамытуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Егер бала бойындағы қабілетті  мұғалім байқамаса,ол бала басқа оқушылармен бірдей болып қалады. Сондықтан, қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек. Осындай  жұмыстарды    жүргізу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмаларды  қызықты етіп құрап, оқушылардың  қызығушылықпен  орындауларын қадағалау қажет.

           Еңбекте теориялық тақырыптарды: «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» тақырыбын бекіту кезеңінде көркем мәтіндермен жұмыс түрлері, шығармалартуралы деректерді жинақтап талдау, берілген мәтін бойынша кесте құрастыру, ақпараттық сараптамалық бағдарлама құрастыру, сондай-ақ 1-2 сыныптарға арналған «Жұмыс дәптері» авторлық жазу дәптерлерінің 3 деңгейлік тапсырмалар мен кілттер кітапшасы, шығармашылық ізденіске жетелейді.

           Шығармашылық қабілеттерін дамыту ын жүргізу арқылы  оқушыны дамытуға мүмкіндік жасап,шабытын қанаттандырудың нәтижесі, дәлелі ретінде оқушыларымның түрлі деңгейде, түрлі бағыттағы өзін өнім иесі және қандай да бір әрекеттің авторы ретінде танытуы.

            Рефлексиялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызады. Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады.  өз ерекшелігі мен деңгейін таниды.

«Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» жинағында оқушылардың авторлық тақпақ, өлеңдері, өтірік өлеңдері мен шағын әңгімелері енгізілген.Жинақта оқушыларға көрнекі, аудио, бейнетаспаларды пайдалана отырып халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытып үйрету, сондай-ақ шешендік өнертапсырмалары шығармашылық ізденіске жетелейді.

                Оқу-әдістемелік жинақты бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибеде кеңінен пайдалануға болады.